Әбу Жүсіп әл-Кинди араб тілді перипатетизмнің алғашқы белді өкілі болып табылады. Ол 796 жылы Куфада (Сауд Арабиясының оңтүстігі) туылып, 866 жылы Бағдатта қайтыс болған. Әл-Кинди Куфа мен Басра қалаларында білім алуды бастады, осы жерлерде «Мутазилиттер» философиясымен танысты. Ол Бағдатта алғаш антикалық философтардың еңбектерін аударатын аудармашылармен танысты.

Әл-Кинди алғаш ислам әлемінде Аристотель философиясын жүйелі түрде қайта қарастырған және талантты ғалым «арабтардың философы» («файласуф әл-араб») деген атаққа ие болды. 

830 жылы зерттеумен және антикалық әдебиеттерді аударумен айналысатын жер танымал «әл-Хикмат бейтін» (Даналық үйі) тұрғызған халиф, әл-Киндиді осы ғимараттың қызметкері етіп жұмысқа алған.

Әл-Кинди әртүрлі сала бойынша 241 кітап жазып қалдырған. Солардың ішінде танымал болғандары:

-     «Жоғарғы философия туралы трактат»

-     «Құдаймен бірге»

-     «Шынайы және Керемет Жаратушы туралы трактат»

-     «Алтын мен күмістің химиялық тасымалдануы туралы білімдері бар адамдардың қатарына қосылғысы келетін үміткерлерді теріске шығару (алхимиктер туралы)».

Әл-Кинди: Болмыстың барлық категориялары, «түрдің», «тайпаның», «индивидуумның», «бөлшектің», «тұтастықтың» барлық ұғымдары қай жағынан болмасын «Біртұтастық» идеясымен байланысты.

Әл-Кинди бойынша, заттардың барлық сапалық сипаттамалары акцидентті. Акциденция - заттардың субстанционалды (негідік), маңызды қасиетінен басқа уақытша өтпелі елеусіз қасиеті. 

Әл-Кинди: Шынайы Біртұтастылық болмайды және көпшілік деген ұғым жоқ. Бір затты басқа затпен салыстыра отырып, мына зат біртұтас деп айтуға болмайды. Біртұтастылықтың шынайы ұғымын қандай да бір категорияға жатқызу мүмкін емес. Материя, нәсіл, түр, индивид, өзгешелік, сипаттама, акциденция, қозғалыс, жан, ақыл, біртұтастылық, бөлшектік, жалпылық – осы категориялардың барлығын Шынайы Біртұтастыққа жатқызуға болмайды. Өйткені Ол біреу, Ол сол бірліктің өзі.

Әл-Кинди Алғашқы себептің Абсолютті Мәңгілік бейнесіне көп мән берді.

Әл-Кинди: Ол – мәңгі және Оған қатысты «биболмыс», немесе «тірілік етпейді» деген пікірлерді қолдануға болмайды. Мәңгілік иесінің өткен өмірі болмайды және Оның болмысының басқа заттармен ешқандай байланысы жоқ. Оның ешқандай кемшілігі болуы мүмкін емес, Ол ешқашан өзгермейді. Мәңгілік иесі Күмәнсіз және Толыққанды.

Әл-Кинди философия туралы: Философия адамдар үшін жалпыға ортақ және мәңгілік заттардың қандай жағдайда тіршілік етеді, заттардың қандай себептері бар, солар туралы білім алуларына максималды мүмкіндік береді.

Әл-Кинди бойынша, ең мықты және кемелденген философ атағына барлық заттардың алғашқы себепкері, яғни Алла тағала туралы білімге ие философ қана лайықты болып саналады. Әл-Кинди үшін дін де, философия да Ақиқат туралы ғылым болып табылады.

Әл-Кинди бойынша, әр бір тіршіліктегі заттың 4 себебі бар: 1) Заттар материясы, 2) Заттар формасы, 3) Заттар әрекеті, 4) Заттар мақсаты.

Әл-Кинди бойынша, әлем екі бөлікке бөлінеді:

-    Ай бетіндегі әлем – онда өлім мен өмір заңдылықтары жүзеге аспайды немесе онда заттардың негізгі төрт элеметтері болмайды.

-    Ай астындағы әлем (жер әлемі) – онда төрт элеметтер (су, ауа, от, жер) кей кезде бір-біріне қарсы тұрады (олардың әсерінен жылылық, суықтық, құрғақшылық, дымқылдық пайда болады); Бұл әлемде бір нәрсе пайда болады немесе жойылып отырады.

Әл-Кинди бойынша, әр бір материалды заттың бес сипаттамасы бар: 1) Эфир, 2) Форма, 3) Орын, 4) Уақыт, 5) Қозғалыс. Алтаев Ж., Фролов А. Ислам философиясы: оқулық  – А.: Қазақ университеті, 2019. – 554 б.

Әл-Кинди ғылымның классификациялауы (жіктеу) туралы: Ғылымдар екі санатқа бөлінеді: діни және адамзаттық. Адамзаттық ғылымдар екіге бөлінеді:

1.  Нақты білімді беретін ғылымдар (теоретикалық: физика, психология, метафизика);

2.  Тәжірибелік ғылымдар (этика, саясат) және білім алу үшін құрал ретінде қызмет ететін ғылымдар (логика, математика).

Әл-Киндидің көзқарасы бойынша Ақиқат ең қымбат бағалы зат, Ақиқаттың жоғарғы құндылығын, ең алдымен, ғалымдар біле алады. Адам Ақиқатқа жету үшін, ең алдымен, өзін-өзі тәрбиелеуі қажет. Тәрбиелеуді өзін-өзі қатаң бақылауда ұстау жолы арқылы жүзеге асыруға болады.

Әл-Кинди адамның қолындағы 3 маңызды күшті көрсетеді. Олар: 1) Хайуандық қалаудың күші (шахуат), 2) Ашу күші (гадаб), 3) Ақыл күші (акл).

Әл-Кинди 4 негізгі ізгіліктер туралы айтады. Олар:

1.  Даналық (хикмет) – барлығын қамтыған заттар туралы ақиқатты білу мен осы білім арқылы әрекет ету

2.  Батылдық (надждат) – Жаратушы үшін өліммен бетпе-бет келуге қабілетті болу, қажетті нәрсеге қандай жағдай болмасын қолжеткізу және бас тартатын нәрседен қол үзу керек

3.  Адалдық (иффет) – тәнді тәрбиелеу үшін қажет

4.  Әділдік (итидал) – қажетті дүниені ғана қалау, басқаға зиян келтірмеу

Әл-Кинди үшін адамнан ізгілікті адам жасау «алтын орта» ұстындарын ұстану арқылы дамытуға болады. Уксукбаева М.Т. Ортағасырлық Шығыстың араб-мұсылман фәлсафасы тарихы: оқу-әдістемелік құралы. – Қарағанды: Қарағанды университеті, 2023. –  104 б.

Дереккөздер

Санат:Философия