Владимир Михайлович Смирнов (7 наурыз 1964 жыл, Щучинск) — қазақстандық спортшы, Қазақстан биатлон федерациясының президенті, шаңғы спортынан 1994 жылғы Олимпиада чемпионы, төрт дүркін Әлем чемпионы, төрт дүркін Олимпиада күміс жүлдегері, екі дүркін қола медаль иегері.

Қысқы Олимпиадаларда Қазақстанға егемендік алғалы бірінші алтын медаль әкелген — Смирнов. 2026 жылы елге екінші алтын медаль әкелген мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров болды.

Мансабы Үлкен спорттан 1999 жылы кетті.

2014 жылғы 19 тамызда «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубының бас директоры қызметіне тағайындалды. Оның құрамына еліміздің бірқатар жетекші спорт клубтары кіреді – «Барыс», «Астана» футбол және баскетбол клубтары. Сондай-ақ аталмыш клуб Қазақстанның атақты спортшылары Илья Ильин, Геннадий Головкин, Денис Тен және тағы басқаларға қолдау көрсетеді.

Марапаттары Норвегиялық жоғары шаңғылық марапат, Холменколлен медалімен, Екінші дәрежелі қазақ Даңқ орденімен марапатталған.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Олимпиада чемпионы «Астана» спорт клубының бас директоры болып тағайындалды

Санат:Қазақстан шаңғышылары Санат:1964 жылы туғандар Санат:Қазақстанның Олимпиада күміс жүлдегерлері Санат:Қазақстан Олимпиада чемпиондары‎ Санат:Қазақстанның Қысқы Олимпиада жүлдегерлері Санат:1994 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының чемпиондары Санат:1988 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері Санат:1988 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері Санат:1994 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері Санат:1998 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері Санат:КСРО шаңғышылары Санат:Алфавит бойынша шаңғышылар Санат:Шаңғыдан Олимпиада чемпиондары Санат:Шаңғыдан әлем чемпиондары Санат:Шаңғыдан Азия ойындары чемпиондары Санат:Қазақстанның Азия ойындары чемпиондары Санат:Алфавит бойынша Олимпиада чемпиондары