Мұхаммед Риза Агехи (Мұхаммед Риза мираб ибн Ер Нийаз бек) (1809, Хиуа — 1874, Хиуа) — тарихшы, ақын, аудармашы.

Өмірбаяны Атақты сарай тарихшысы Мунис (мираб Шир Мұхаммед) өлгеннен кейін оның аяқтай алмай кеткен “Бақыт жұмағы” аталатын тарихи шығармасын жазып бітірді. Өзі 1825-75 жылдары Хорезмде өткен оқиғаларды қамтитын бірнеше еңбектер “Мемлекетті басқару” “Тарихтар қаймағы” “Бақыт құсы” жазды. Агехи шығармаларында Хиуаның ішкі саяси тарихы, оның көршілес елдермен қарым-қатынасы туралы мәліметтер мол. Қазақтар мен қарақалпақтардың, түркмендердің, Иран мен Мауераннахрдың тарихынан құнды деректер берілген. 1870 жылы көктемде Орынбор қамалының маңында орыстармен болған ұрыста қазақтардың сәтті жеңісін баяндайды. Хиуада болған оқиғаларға қазақ хандары мен сұлтандарының араласуы, Хиуа билеушілерінің Сырдария, Каспий мен Арал теңізі арасын қоныстанған қазақтарға жасаған шапқыншылығы, қазақ — қарақалпақ қарым-қатынасы туралы мәліметтер бар. парсы тілінен Саадидың “Гүлстан” Жәмидің “Жүсіп - Зылиха” “Баһаристан” Низамидің “Хафт пейкар” (“Жеті сұлу”) Хилалидың “Шах уә геда” (“Патша мен кедей”) Кейкауустың “Кабуснама” Мирхондтың “Рәузат ас-сафа” (“Тазалық бағы”) т.б. еңбектерді аударды.Қазақ ұлттық энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:1809 жылы туғандар Санат:Хиуада туғандар Санат:1874 жылы қайтыс болғандар Санат:Хиуада қайтыс болғандар Санат:Өзбекстан жазушылары Санат:Өзбекстан тарихшылары Санат:Өзбекстан ақындары Санат:Түркия ақындары Санат:Өзбек ақындары Санат:Өзбек жазушылары Санат:Өзбекстан аудармашылары Санат:Хорезм ақындары Санат:Хорезм ғалымдары