Алтыншы июль - М. Ф. Шатровтың 2 бөлімді документті драмасы.

1965 ж. 30 октябрьде Орыс драма театрының сахнасында осы драма бойынша қойылған спектакль премьерасы болды. Спектакльде 1918 жылғы шілде жас Кеңес өкіметінің солшыл эсерлер бүлігіне қарсы ымырасыз күрес жүргізіп жатқан сәттегі аса қатерлі драм. жағдай өз көрінісін тапты. Толыққанды, сом тұлғалар жасаған басты рөлдерде ойнаушылар арқылы большевиктер партиясының өз ісіне деген сенімділігі мен табанды күрес жүргізу нәтижесінде жеңіске жету заңдылығының идеясы ашылып көрсетіледі. Спектакльге қатысушылардың бір тобына ҚазССР Мемлекеттік сыйлығы берілді.Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7

Дереккөздер

Санат:Орыс пьесалары