Нәлім () — трескатәрізділер отрядына жататын балық.
Қазақстанда Ертіс өзені су алабы мен Жайық өзенінің жоғарғы ағысында кездеседі. Дене тұрқы 30 см-ден 1 м-ге дейін, салмағы 10 – 12 кг (32 кг болатын Нәлім де ұсталған). Денесі ұзынша, 2 арқа жүзу қанаты, жалғыз құйрық асты (аналь) қанаты, иегінің астында дара мұртшасы бар. Қанаттарында тікенекті талшықтары болмайды. Жыныстық жағынан 1 – 3 жасында жетіледі. Уылдырығын (орташа есеппен 300 – 400 мыңдай) қыста (су температурасы 0С шамасында) батпақты және тасты жерлерге шашады. Қорегі әр түрлі (эврифагтар), ересектері тек балықтармен (алабұға, таутан, торта, т.б.) қоректенеді.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Experts to discuss reintroduction of Burbot to UK Lota lota Burbot
Санат:Трескатәрізділер