thumb|Бельведер Аполлоны Аполлон () — ежелгі грекМифы народов мира. М., 1991-92. В 2 т. Т.1. С.92-96; Любкер Ф. Реальный словарь классических древностей. М., 2001. В 3 т. Т.1. С.133-134; Псевдо-Аполлодор. Мифологическая библиотека I 3, 2 далее, рим мифологиясы мен дініндегі ем, сәуегейлік, данышпандық, өнер, күн тәңірі; Зевс пен Летоның (Латондар) баласы, Артемиданың (Ай) інісі (егіздің сыңары). Кейде оның атын Феб ( - "нұрлы"), кейде Мусагет (- музаның серігі) деп атаған.

Өмірбаяны Зевс пен Летоның баласы, Артемиданың егіз-сыңары, Титандардың - Кей мен Фибаның немересі, Аполлон Делос аралында айдың жетінші күні туғанГесиод. Труды и дни 771. Миф бойынша, Аполлон туғанда бүкіл аралға күн нұры төгіліп жаулап кеткен.

Жеті айлық болып жетілмей туғанСхолии к Каллимаху. Гимны IV 251 // Лосев А. Ф. Мифология греков и римлян. М., 1996. С.408Каллимах. Гимны IV 250—252 Аполлонды анасы сүтпен емізбеген, Фемида оны шәрбәт пен амброзиямен асыраған Гимны Гомера I 123—125. Гефест оған сыйлыққа садақ оғын бергенГигин. Мифы 140.

Пифонның өгіздерін бағып жүріп Схолии к Пиндару. Пифийские песни Введение // Лосев А. Ф. Мифология греков и римлян. М., 1996. С.412, тез өсіп-есейген Аполлон (туғаннан кейін 4-ші күні) Дельфиний жыланын өлтіреді. Ол жылан бүкіл Дельфыны бүлдіріп, ойран қылатын жылан екен мыш. Осы, тағы басқа жақсы істері үшін Дельфының тұрғындары Аполлонның данқын шығарып, құрметтейді.

4 жасында Делос аралында Аполлон Артемида өлтірген кербұғылардың мүйіздерінен ғибдатхана саладыКаллимах. Гимны II 58-64.

Негізгі мифтер thumb|right|200px|Аполлон Аполлон өз садағымен Титий Алыпын өлтірген (Лето мен Зевске сөз тигізген үшін). Басқа да титандар мен алыптармен шайқасқа түскен. Алыптарды өлтірген үшін Зевс оны 1 жылға қарапайым адамның қарамағына жібередіГесиод. Перечень женщин, фр.54b М.-У. (басқа нұсқада - 8 жылғаСхолии к Еврипиду. Алкестида 1 // Лосев А. Ф. Мифология греков и римлян. М., 1996. С.418 ). Фессалия патшалығындағы АдметтіңГигин. Мифы 49; Драконций. Похищение Елены 206—210 мал падаларын Геракл мен бірге бағып жүріп патшаның әйелі Алкестаны өлімнен құтқарған. Посейдонмен бірге Троя қаласының қабырғаларын көтергенГесиод. Перечень женщин, фр.235 М.-У.Гомер. Илиада XXI 441—457. Аполлон мен Артемиданың садақ оқтары қарияларды кенет өлімге ұшыратады, кейде себепсіз өлітреді. Троя соғысында Аполлон троялықтарға көмектеседі: оның садақ оқтары ахейлардың әскери лагерін 9 күндік обаға ұшыратады. Партоклдың өлтіруінде және Ахиллдың өлтіруіне париспен бірлесіп көзге көрінбей қатысады. Артемида екеуі Ниобаның балдарын өлтіреді. Музакалық сайыста Марсий сатирды жеңеді, осыған ашуланған Марсий Аполлоннан терісін сыдырып тастайды. Қиратып өлтіретін қасиеттерімен бірдей Аполлонның емшілік қабылеті де болған. Дәрігер, көмекші, қорғаушы, ол Пелопонесс соғысында обаны тоқтаттқан. Бірінші болып көзді емдегенГигин. Мифы 274. Аполлонның емшілік күшін күннің күшімен салыстырған. Паннан көріпкелдікті үйренген Аполлон Кассандраға өзінің батасын беріп, оны да сәуегейлікке бағыттаған. Аполлон - әулие, бақсы. Кіші Азия мен Италияның көптеген киелі жерлерінің негізін салушы болған. Аполлон - музыкантта болған. Өзінің кифарасын ол Герместен бір табын сиырларына ауыстырып алған. Әншілер мен музыканттардың қамқоршысы, Аполлон өзіне ешкімді теңемей, жарысқысы келген адамды қатты жазалаған. Бүкіл әншілер Аполлон мен Музадан тарағанГесиод. Теогония 94-95. Көктемде және жазда Дельфыда тұрған Аполлон, күзде аппақ аққуларды жегіп, колесницамен Гипербореяға анасының туған жеріне кетеді.

Олимпиадада Аполлон жүгіруден Герместі жеңіп, жүдырықтасып төбелесуде Павсанийді жеңген.

Аполлон Пелая мен Фетиданың тойында өлең айтқан. Аполлонға табыну салты, шамасы, Кіші Азиядан Грекияға, одан Римге тараған болу керек.

Дереккөздер

Санат:Ежелгі грек мифологиясы