Ағаш ат — Қазақстанның оңтүстік-батыс өңірлерінде, қарақалпақтарда қайтыс болған кісіні салып көтеретін табыт. Ғалымдар мұны ежелгі көшпенділердің — сақ, ғұн, түркі, қыпшақ т.б. тайпалардың қайтыс болған адам о дүниеге ат мініп барады деген наныммен атымен жерлеу ғұрпының өзгерген түрі деп пайымдайды зерттеушілер. Қазақтың: “Сөйлеп қал тіршілікте қызыл тілім, жаны жоқ ағаш атқа мінбей тұрып” — деген мәтелі осы салттан шыққан. Дереккөздер Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Санат:Табыттар