Пётр Александрович Чихачёв (,БСЭ, 3-басылым Гатчина — 13 қазан 1890 жыл, Флоренция) — ресейлік географ, геолог пен саяхатшы.
Өмірбаяны Бүкіл әлемдік, география ғылымына үлкен үлес қосқан аса талантты ғалым, Ресей және басқа көптеген Батыс Еуропа мемлекеттерді зерттеуге, Ғылым академиялары мен Географиялық қоғамдарының мүшесі П.Чихачёв бастаған экспедиция аттандырылады. Экспедицияға аталған өлкені, әсіресе Оңтүстік Алтайдың табиғатын, жер қойнауын, ондағы халықтың кәсібін, Ресейдің отарлық саясатына жергілікті халықтың көзқарасын білу тапсырылады. П.Чихачёв бұл міндетті өзіне тән іскерлікпен орындап шығады. Оңтүстік Алтайды, осы арқылы қазіргі Шығыс Қазақстан территориясының табиғи байлығын, ондағы негізгі халықтың тұрмысын зерттеп, көргендерін жаза отырып, қазақ жері табиғатының ерекшелігін, байлығын көрсетіп, сол кездегі алғашқы зерттеушілердің қатарында қазақ халқына оңды баға береді. Ол қазақтардың шаруашылығына, тұрмыс салты мен дәстүріндегі ерекшеліктеріне тоқталады.
Пётр Чихачёв «Оңтүстік Алтайға саяхат» атты кітабын жазды. Оған шетел ғалымдары жоғары баға берді. Осы еңбек арқылы Еуропа оқырмандары Алтай тауларының оңтүстігін мекендеген қазақ деген халық бар екендігін білді, оның өзіндік ерекшелігімен, тұрмысымен танысты.
Еңбектері Voyage scientifique dans l'Altaï oriental et les parties adjacentes de la frontière de Chine, 1845, Paris Lettres sur la Turquie, 1850, Bruxelles Asie Mineure: Description physique, statistique et archéologique de cette contrée, huit volumes de 1852 à 1868, Paris Le Bosphore et Constantinople, 1864, 2e édition en 1877 Considérations géologiques sur les îles Océaniques, 1878 Espagne, Algérie et Tunisie, 1880, Paris Études de géographie et d'histoire naturelle, 1890 Дереккөздер
Санат:Ресей географтары