Қосүйлі мысықтабан () – астралылар тұқымдасы, мысықтабан туысына жататын көп жылдық, шөп тектес өсімдік.
Сипаты thumb|left|180px| Биіктігі 25 см-дей. Тамырынан тікелей өсіп шығатын күрек тәрізді жапырақтарының үстіңгі жағы жылтыр да, астыңғы жағы түкті болады. Бәрі бір жерге жиналып топталып тұрады. Ал сабығынан өсіп шығатын жапырақтары сопақша, кезектесе орналасқан. Гүлдері ақ немесе қызыл түсті, майда, өсімдіктің жоғарғы жағында қолшатыр тәрізденіп шоғырланып тұрады. Қосүйлі мысықтабан қарағайлы ормандарда, шабындықтарда, далалы аймақтарда, бұталардың арасында өседі.
Құрамы Илік заттар Шайыр Сапониндер К дәрумені Фитостерин
Емдік қасиеті Дәрі жасау үшін өсімдіктің жер үстіндегі бөлігін гүлімен қоса жинап алады. Гүлін жинаған кезде тек толық ашылмағандарын жинау қажет. Халық медицинасында қосүйлі мысықтабанды өкпеден, геморрой түйіндерінен, жатырдан, мұрыннан, асқазаннан, ішектерден, сыртқы дене жарақаттардан кеткен қанды тоқтату үшін пайдаланады. Өсімдік гүлінің өт айдайтын қасиеті бар.Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет
Тағы қараңыз Дәрілік өсімдіктер
Дереккөздер
Санат:Күрделігүлділер Санат:Дәрілік өсімдіктер Санат:Қазақстан флорасы