Герберт Генри Асквит, Оксфорд және Асквиттің 1-графы (; 12 қыркүйек 1852, Батыс Йоркшир – 15 ақпан 1928, Беркшир) — британдық мемлекет қайраткері, Ұлыбритания премьер-министрі (1908–1916).
Өмірбаяны Қойдың жүнін сатушы Джозеф Диксон Асквиттің (, 1825—1860) және оның әйелі Эмили Вильямстың 5 балалы отбасында Батыс Йокширдағы Мрлида туған. 8 жасында әкесі қайтыс болған.
1870 жылы Оксфорд университетіне түскен.
1886 жылы Шығыс Файфтан Парламентке сайланып, саяси мансабын бастады.
1892 жылы Ішкі істер министрі болып сайланған.
1905–1908 жылдары Қазынашылықтта Канцлер болды.
1908 жылы VII Эдуардтің тұсында премьер-министр болып тағайындалды. Басшылық кезінде елде бірталай әлеуметтік және экономикалық өзгерістер орын алды. Мемлекеттік зейнетақыны мемлекет тарабынан қамтамасыз ету, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі еңгізілді, т.б.
1916 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қызметтен кетті.
Отбасы
Үлкен ұлы: Асквит Реймонд (1878–1916) Бірінші дүниежүздік соғыс кезінде, Францияда қаза болды. Оның жалғыз ұлы — Джулиан (1916–2011) 1928 жылдан 2011 жылға дейін (83 жасына дейін) Оксфорд және Асквиттің 2-графы болды. Екінші ұлы — белгілі ағылшын режиссер Энтони Асквит (1902–1968).
Дереккөздер Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том
Сыртқы сілтемелер
Санат:Ұлыбритания премьер-министрлері Санат:Оппозиция көшбасшылары (Ұлыбритания)