Болат Мәжитұлы Мұқанов (1947 жылы туған) – ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (2003), Қазақстан Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі (2006).

Өмірбаяны Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын бітірген (1972). Щучинск қаласындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорман мелиорациясы ғылыми-зерттеу институтында аспирант (1974 – 77), кіші, аға ғылыми қызметкер, директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары, директоры Орман шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының директоры (2002) қызметтерін атқарған.

Ғылыми жұмыстары Қазақстанның агроорман мелиорациясы саласындағы жетекші ғалымдарының бірі. 70-тен аса ғылыми еңбектің, оның ішінде 3 монографияның, 1 оқулықтың, 1 жинақтың авторы.

Марапаттары Қазақстан Республикасының мақтау қағазы А.В. Альбенский атындағы медалі.«Ақмола облысы» энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:1947 жылы туғандар Санат:Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академиктері Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университеті түлектері