Қажалу, о й ы л у — терінің іш киімге, киімге, аяқ киімге т.б. қажалып қабынуы, күлдіреп ойылуы. Қажалудан тері қызарады, көлкілдеп ісінеді, күлдірейді. Егер ол жарылып, терісі сыдырылса, ауру шақырады, әрі сол жергеинфекция түсіп, іріңдейді (терінің іріңді аурулары мақаласын оқыңыз). Тершеңдіктен, теріні дұрыс күтпеуден, гигиенаны дұрыс сақтамаудан, аяқ киімнің дәл еместігінен көбінесе аяқтың бақайлары мен өкше жиі қажалады. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9 Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Қажалу · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.