XIX ғасырдың басында Ақтөбе аймағын орыс отаршылдары жаулап алады. Олар қамал бекіністерін салып, қазақтардың жерін тартып ала бастайды. Бірде Қызылқала атты бекіністен бес жауынгер шығып елдің адамдарын соққыға жығады. Малын тартып əкетеді. Аңнан келген Құламан батыр ойран-топыр болған ауылын көреді. Ашуланған ол атынан түспестен жауларын қуып жетіп, екеуін қылышпен шауып өлтіреді. Қалған үшеуі жеткізбей Қызылқалаға кіріп кетеді. Қамал қақпасы тарс жабылады. Сонда батыр ойланбастан Ардакүреңге қамшыны басып-басып жіберіп, қамалдан бір-ақ секіріп ішіне түседі. Мұндай жағдайды күтпеген жау əскері абыржып, қолдарына қаруларын ала алмай қалады. Құламан батыр атойлап оңды-солды шапқылайды. Əбден ойрандап құмары қанғанша қылыштаған батыр Ардакүреңмен қамалдан секіріп, қайтадан сыртына шығады. Сөйтіп, жауын қырған Құламан батыр ауылын тұтас көшіріп, Сарыарқа жаққа өтіп кетеді.
Дереккөздер «Сен білесің бе?» энциклопедиясы./Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылова. – Алматы: «Аруна» баспасы. – 700 бет. ISBN 9965-26-407-4