thumb|left|110px|
thumb|right|400px| Қ, қ — кириллицаға негізделген әліпби әрпі.
Тілдің артқы шені таңдайдың артқы шеніне нық тиіп, содан кейін бірден ажырасуынан жасалатын дауыссыз дыбысты таңбалайтын әріп. Қ-ны айтқанда фонациялық ауа ауызқуысы арқылы үзіліп, шұғыл шығады. Қ - дауыс қатысы жағынан қатаң, айтылу жолы жағынан шұғыл, жасалу жағынан тіл асты дыбыс. Оның ұяң сыңары - "ғ". Сөз ортасында орналасқан кездерде, қ - дан кейінгі хәріп дауыссыз болған жағдайда қ - ның бәсендеуіне байланысты х - дыбысына айналады (мақсат - махсат, мұқтаж - мұхтаж). Қ, Ғ және Х дыбыстары увулярлы дауыссыз дыбыстарға жатады (терең артқы тілдік дауыссыздар). Латынша романдалынуы: "Q, q". Дыбыс түркі халықтарында (өзбек, татар, қазақ), араб, парсы және кавказ халықтарында кездеседі.
Қ қазақ тілінде өте жиі қолданылып, сөздің барлық буынында кездеседі және көбінесе жуан дауыстылармен тіркеседі. Мысалы, қайық, ақын, аққу, ботақан, құлыншақ, бардық Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 5 томКеңесбаев І., Мұсабаев Ғ., Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика, А., 1962.
Әліпби Реттік № ІРА Қазақ әліпбиі 15 q Тәжік әліпбиі 15 q Өзбек әліпбиі 33 q Қарақалпақ әліпбиі 15 q Абхаз әліпбиі 25 kʰ
Дереккөздер
Санат:Кириллица