thumb|Цетиозавр Цетиозавр атауы теңіз құбыжығы дегенді білдіреді. Динозаврлар зауропод қатарына жатады. Ол осыдан 181 - 169 миллион жыл бұрын орта Юра дәуірінен кейінгі Юра дәуіріне дейін өмір сүрген. Төрт аяғымен жүретін цетиозаврдың ұзындығы шамамен - 18 метр, салмағы - 25 тонна. Мойынының ұзындығы денесінің ұзындығына тең, ал 40 омыртқадан тұратын құйрығы одан да ұзын. Алдыңғы аяқары да басқа зауроподтардың әлдеқайда ұзын болған. Жамбас сүйегінің ұзындығы 2 метрді құрады. Қызықты дерек Цетиозаврдың ірі жамбас сүйектері өзге динозаврлардың сүйектерінен 2 метрге ұзын болған. Томас Хакслидің 1869 жылы жасаған дәлелдеріне дейін цетиозавр қолтырауын немесе ерте Бор дәуірінің динозавры— игуанодон деп есептелген. Мәліметтер Қорегі : жапырақтар, жемістер, өсімдіктер Салмағы : 25 тонна Тұқымдас : Цетиозаврид Отряд тармағы : Зауроподоморф Динозавр энциклопедиясы—Алматы: „Аруна“ баспасы Дереккөздер

Санат: Динозаврлар Санат: Зоология