Қалбан Ынтыханұлы (1971 жылы, ҚХР Гансу провинциясы, Ақсай ауданы) — қазақ жазушысы, аудармашы, тарихшы, баспагер. Қазақстанға 2005 жылы қоныс аударған.

Өмірбаяны 1995 жылы ҚХР Іле педагогикалық университетінде филология мамандығы бойынша жоғары білім алған. 1995–2005 жылдары Ақсай ауданы оқу-ағарту мекемесінде зерттеуші, мектеп директоры, білім зерттеу орталығының директоры болып қызмет атқарған.

2006 жылдан бастап Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде аға ғылыми қызметкер, кейін Конфуций институтының Қазақстан тарабының директоры қызметін атқарады.

Шығармашылығы Қалбан Ынтыханұлының қаламынан шыққан: 40-тан астам көркем әңгіме, бір повесть, екі роман.

Негізгі көркем шығармалары «Ақ қауырсын» алманақ – Бейжің, Ұлттар баспасы, 2003. «Үркек» роман – Астана, Өрнек баспасы, 2014. «Әміршінің түсі» тарихи деректі роман – Мазмұндама баспасы, 2024.

Аудармалары Шэн Цзунвэнь – «Шалғайдағы шаһар», Алматы, Ан Арыс, 2018. Лао Шэ – «Түйе Шияңзы», Алматы, Ан Арыс, 2018. Гай Шаньлин – «Иншан оңғыттары», Астана, Фолиант, 2010. «Әулие Чаң Чунның батысқа сапары» – көне қолжазба, Астана, Өрнек баспасы, 2020.

Қытай әдебиетінің жауһарларын қазақ тіліне таныстыруда үлкен еңбек сіңірген. Қысқа әңгімелер, мақалалар мен деректі материалдарды қазақ тіліне аударған.

Ғылыми еңбектері «Босқын қазақ көштері және деректі әдебиет» – монография, Астана, ЕҰУ, 2015. 40-тан астам ғылыми-зерттеу мақалалары жарияланған.

Дереккөздер

Сілтемелер Egemen.kz – Қытай әдебиетінің жауһарлары қазақ тіліне аударылды Abai.kz – Қалбан Ынтыханұлы: Адамзатқа ортақ мазмұн қажет ЕҰУ сайты – Конфуций институтының қызметі Әдеби портал – Қалбан Ынтыханұлының әкесі туралы

Санат:Жазушылар Санат:Аудармашылар