«Айналар»() — режиссёр Александр Ажаның фильмі. Оңтүстіккореялық Айнаның арты фильміне ремейк. 2010 жылы Айналар 2 атты фильмнің сиквелі түсірілді.
Сюжеті Өмірінде аса ауыр психологиялық жара алған Бен Карсон ішімдікке салынады. Әйелі балаларымен Беннен кетіп қалады. Бен қиындықтарды артқа тастап, ішімдіктен бас тартып жұмысқа орналасады. Оның міндеті - ескі универмагты күзету болатын. Бен уақыт өте келе, тосын оқиғаларды бастан өткереді. Универмагтағы айналар Бенге маза бермейді. Айна Бенге Эсекерді табуға бұйрық береді. Анна Эсекер бала кезінде ерекше аурумен ауырған көрінеді. Оның ауруы айналарға ауысып, Аннаны қайтадан іздеуге көшеді. Бен Аннаны тауып, көмек беруін өтінеді. Басты рөлдерде . Кифер Сазерленд—Бен Карсон . Паула Паттон—Эми Карсон . Камерон Бойс—Майкл Карсон . Эрика Глюк—Дэйзи Карсон . Эми Смарт—Анджела Карсон . Мэри Бет Пейл—Анна Эссекер . Джон Шрэпнел—Лоренцо Сапелли . Джейсон Флеминг—Лэрри Бёрни . Адина Рапитеану-Анна Эссекер (бала кезі) Оригинал фильмнен айырмашылығы Америкалық нұсқа корей фильмінен біршама ерекшеленеді. Жалғыз өзгермегені, екі фильмнің идеясы бір — оқиға жанып кеткен универмагта жұмыс істейтін бұрынғы полицей қызметкері төңірегінде өрбиді. Сюжетінің өзге тұстары бір-бірінен ерекшеленеді. Корей фильмі — мистикаға толы детектив болса, ал американдық нұсқа — бөгде күштердің айналар арқылы біздің әлемімізге енуін баяндайтын қорқынышты фильм.
Санат:Қорқынышты фильмдер Санат:АҚШ қорқынышты фильмдері Санат:Румыния қорқынышты фильмдері Санат:Германия қорқынышты фильмдері Санат:Александр Ажа фильмдері