Шетел легионы- Франция мен испаниядағы ( 19ғ.-20 ғасырдың ортасы) жалдама әскери құрамының атауы. Шетел легионы қабылдар кезде адамның жеке басын куәландыратын документтер талап етілмеді, сондықтан шетел легиондағы кер адамдардан құралды. Францияда шетел легионы 1831 жылы Африка және Азия елдеріндегі отаршылдық соғысқа пайдалану мақсатымен құрылды. 1871 жылы шетел легионын версальдықтар Париж Коммунасын тұншықтыру үшін пайдаланды. Легион 1-және 2-дүн.жүз. соғыстарға қатысты. Африка және үндіқытай халықтарының ұлт-азаттық қозғалысын басуға пайдаланды. Оның бөлімінде француз империалистерінің въетнамдағы (1946-1954) және Алжирдегі (1954-1962) соғыстарына қатысты. 1936-1939 жылдары Испан республикасына қарсы бүлікшілер жағында қимыл жасады.
Дереккөздер Қазақ Совет Энциклопедиясы