thumb|250px|голубцы| Голубцы - көбінесе күріш қосылған фарш және қырыққабат жапырағынан дайындалатын тағам түрі.

Дайындалуы Жас қырыққабаттың жапырақтарын қайнаған тұзды суға 5-10 минут салып қояды да, содан кейін кепсермен сүзіп алып, суын сорғытады және ептеп жаныштайды. Фаршты капуста жапырағына орап, табадағы қазған майға қуырады. Содан соң кастрюльге салып, үстіне қаймақ немесе томат соусын құйып, 25-30 минут духовкада бұқтырып пісіреді.

Еттен фарш дайындау Етті еттартқыштан өткізіп алып, үстіне майға қуырылған пияз, жықсылап жуылған шикі күріш, тұз, бұрыш салады. 1 кг капустаға: 400 г сұрп ет, 50 г күріш, 2 бас пияз, 2-3 ас қасық сары май немесе маргарин, тұз және қара бұрыш қажет. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9

Тағы қараңыз Долма

Дереккөздер

Санат:Әзербайжан асханасы Санат:Қырыққабат тағамдары Санат:Еуропа асханасы Санат:Орыс асханасы Санат:Беларусь асханасы Санат:Украин асханасы