Қызыл жүзгін , қызыл жүзген () – тарандар тұқымдасының жүзгін туысына жататын Қазақстандағы 20 түрдің арасындағы ең көп тарағаны. Үйінді құмдар, құмды шөлдерде, Солтүстік Каспийден Балхаш-Алакөл ойпаттарында, Қызылқұм шөлдерінде өседі. Бұл бұта (биіктігі 1-2 метр) қызғылт немесе қошқыл қабығымен ерекше. Бір жылдық бұтақтары қалың, жасыл, ұсақ мүшелерге бөлінген. Жапырақтары ұсақ, жұқа пленка секілді. Гүлдері қос жынысты, ұсақ, екі қатарға орналасқан, гүлсерігі кең, 5 бөлікке бөлінген. Сәуір-мамырда гүлдейді, маусым-шілдеде жемісі піседі. Жемістерінің диаметрі 1,5-2 см, шар тәрізді қабырғалы, жарғақ қанатты жаңғақтар. Піспеген жемісі қышқылдау болғандықтан лимон қышқылының негізгі көзі. Ал піскен жемістің 7%-ы бояғыш заттар. Сондықтан тері өңдеуде пайаланылады. А. А. Иващенко. Қазақстан өсімдіктер әлемі. Алматыкітап баспасы, 2012.

Дереккөздер

Санат:Таран тұқымдасы Санат:Қазақстан флорасы