III Ислам Герей (; 1604—1654) — 1644–1654 жылдары болған Қырым ханы. Қырым ханы I Саламат Герейдің ұлы. Ол Қырымды IV Мехмет Герей ханның екі билігінің арасындағы кезеңде басқарды.
Өмірбаяны Жастық шағында Речь Посполитаямен болған соғыс кезінде Ислам Герей ханзада 1629 жылы тұтқынға түсіп, Польшада жеті жыл (1629–1636) болды. Бостандыққа шыққан соң Ислам Осман империясының иеліктеріне қоныстанды. 1637 жылы Қырымның жаңа ханы әрі оның үлкен ағасы I Баһадүр Герей Исламды қалғай етіп тағайындады. 1640 жылы қалғай-сұлтан Ислам Герей қалың қол бастап, Украинаға ірі жорық жасады.
1641 жылы Баһадүр Герей қайтыс болып, хан тағына IV Мехмет Герей отырғаннан кейін, Ислам Герей қайтадан Қырымнан кетіп, Осман империясының иеліктеріне аттанды. Үш жылдан кейін, 1644 жылы Осман сұлтаны I Ибраһим IV Мехмет Герейді биліктен алып, оның ағасы Ислам Герейді жаңа Қырым ханы етіп тағайындады. Хан тағына отырған Ислам Герей өзінің інісі Қырым Герейді қалғай (1644–1651), ал басқа ағасы Мүбарак Герейдің ұлы, Ғазы Герейді нұреддин етіп тағайындады. 1651 жылы қалғай Қырым Герей қаза тапқаннан кейін, ол бұрынғы нұреддин Ғази Герейді қалғай, ал өзінің кіші інісі Әділ Герейді нұреддин етіп тағайындады.
III Ислам Герейдің билігі Қырым мемлекетінде ішкі тыныштық орнаған кезең ретінде ерекшеленді. Бұған дейін елде ру-тайпалар арасындағы өзара тартыстар жиі болып келген еді. III Ислам Герей ханға қызмет ету арқылы жоғары лауазымға жеткен «қызметтегі ақсүйектерді» мемлекеттік басқаруда алдыңғы орынға шығаруға тырысты. Солардың бірі — уәзір Сефер Ғазы аға. Хан бұл саясатты текті әулеттерден шыққан ақсүйектердің наразылығын туғызбайтындай етіп жүргізді. III Ислам Герей жомарт билеуші ретінде де танылды. Ол өз қаражатына елдің әр өңірінде қоғамдық нысандар салдырып, бұрыннан барларын жаңартты. Олардың қатарында субұрқақтар, су құбырлары, бекіністер және басқа да құрылыстар болды.
thumb|left|200px|III Ислам Герей Ресей, Украина және Польша тарихнамасында Қырым ханы III Ислам Герей Запорожье гетманы Богдан Хмельницкий бастаған украин казактарының Речь Посполитаяның билігіне қарсы 1648–1654 жылдардағы азаттық соғысына қатысуымен белгілі. Қырым ханы III Исламның ойынша, украин казактарын қолдау Қырым хандығының солтүстік шекарасында жаңа казак мемлекетін құруға мүмкіндік беруге тиіс еді. Ол мемлекет Польша мен Ресейге қарағанда Қырымға жақын одақтас болар еді.
1654 жылы маусымда қайтыс болды. Украинадағы аңыз бойынша, ол елінің басына түскен ауыртпалық үшін кек алмақ болған тұтқын украин әйелінің уынан қаза тапқанМякотин В. А. Ислам-Гирей III // Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона : в 86 т. (82 т. и 4 доп.). — СПб., 1890—1907..
Әдебиет Новосельский А. А, Борьба Московского государства с тата-рами в первой половине XVII в., М.—Л., 1948.
Дереккөздер
Санат:Қырым хандары Санат:Қырым хандығының қалғайлары