100 г желкекте – 68 ккал бар.
Желкектің құрамында фосфор, күкірт, калий, кальций, темір, натрий, магний және A, B, C және E дәрумендері бар.
Бір денсаулық
Желкек антибактериалды, антивирусты және фунгицидті әсер етеді. Зат алмасуды ынталандырады, бауырдың, бүйректердің жұмысын реттейді және де ағзаның қарсыласуын күшейтеді. Лимон мен апельсинге қарағанда оның құрамында С дәруменінің мөлшері көп, ал құрамындағы фитонцидтің арқасында пиязбен және сарымсақпен қатар құрметті орынға ие. Ағзаны дәрумендер мен минералды тұздармен қамтамасыз ету мақсатында, өтпелі кезеңдерде (күз-қыс және қыс-көктем) қолдануға кеңес беріледі.
Сезімдерді күшейтеді
Үккіштен өткізілген өзіндік ащы дәмі бар желкектің тамыры көптеген тағамдар мен салаттрдың құрамдас бөлшегі болып табылады. Сонымен қатар, салқын немесе ыстық етке немесе балыққа қосымша ретінде қаймақпен және лимонмен дастарханға қойылады.
Балғындықты сақтайды
Табиғи антибактериалды қосылыстардың – фитонцидтердің – арқасында, желкек ерекше қасиеттерге ие. Оның жапырақтарына оралған май, ет немесе балық өз балғындықтарын ұзағырақ сақтайды, өйткені олардың құрамындағы фитонцидтер бактериялардың көбеюіне жол бермейді.
Пайдалы ақжелкек көкөністері Жыларман ету Егер желкек жаңа піскен, қатты қаныққан болса, онда оның құрамындағы эфир майлары жыларман етеді немесе түшкіртеді. Осындай жағдайда, оны қолданып болғаннан кейін, иісі тітіркенген шырышты қабықты тыныштандыратын ақ нанның тілімін жылдам иіскеңіз. Тұрмыстық Энциклопедия Дереккөздер
Санат:Көкөністер Санат:Орамжапырақтар