thumb|right|200px| Гиньоль - француз қуыршақ театрының кейіпкері, көңілді де тапқыр, қушыкеш қолөнершінің типі.

Гиньоль маскасын 18 ғасырдың соңында Лион қуыршақ театрының директоры Л. Мурге жасады. Гиньоль Францияда Ресейдегі Петрушка, Англиядағы Панч сияқты белгілі образ болды. 1899 жылы Парижде ашылған "Гран Гиньоль" театрының атынан шыққан. Бұл театрда детективтік, мелодрамалық туындылар көрсетілді, қазір де (1970) гуманизмге, адамгершілікке жат сондай пьесалар қойылды. Ресейде Гиньоль типтес спектакль (аударма пьеса "Өзін-өзі өлтірушілер клубы") 1908 жылы Петербургте көрсетілді.Қазақ Совет Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қуыршақтар Санат:Қуыршақ театры Санат:Эстетика Санат:Фольклорлық кейіпкерлер