Лев Владимирович Кулешов (13. 01. 1899, Тамбов — 29. 03. 1970, Мәскеу) — совет кинорежиссері, кино теоретигi, педагог, профессор (1939), өнер тану ғылыми докторы (1946), РКФСР халық артісi (1969). 1945 жылдан КОКП мүшесi. Кинодағы қызметін 1916 жылы суретшi ретінде бастады. 1918-1920 жылдары Азамат соғысы кезіндегі майдан өмірі жайлы документті фильмдер түсіруге басшылық етті. 1919 жылы Мемл. кино мектебінде оқу шеберханасын ұйымдастырды. Ол - кино өнерінің теориясы мен практикасы жайлы зерттеулердiң авторы. Ленин ордені және Еңбвк Қьгзыл Ту орденмен, медальдармен марапатталған.Қазақ Совет Энциклопедиясы.1975. Том 6 Дереккөздер

Санат:1899 жылы туғандар Санат:1970 жылы қайтыс болғандар Санат:Ленин орденінің иегерлері