Қорғас жер асты су кені, Алматы облысы Панфилов ауданы Жаркент ойысында орналасқан. Сулы қабат арасында құмдақ, саздақ, саз қабаттары кезектесіп отыратын қойтастар және кесектасты-малтастан, орта және төменгі төрттік кезеңінің аллювийлі, аллювийлі-пролювийлі шөгінділерінде шоғырланған. Қабаттың жалпы қалыңдығы 400-450 метр, тиімді қалыңдығы 200-250 метр. Жоғарғы сулы қабат (80 метр тереңдікке дейін) сәл арынды. Тау жыныстарының су молдылығы жоғары, ұңғымалардың дебиті 40-63 л/с-тан (аллювийлі шөгінділерінді) 64-156 л/с-қа дейін (аллювийлі-пролювийлі шөгінділерінде). Дереккөздер «Атамекен» географиялық энциклопедия.
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Қорғас жер асты су кені · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.