Ганга акуласы тұщы суларда тіршілік етеді. Оның денесі жылтыр әрі қатты. Түсі- қоңыр сұр. Бұл акула ең алғаш рет Ганга өзенінен табылғандықтан Ганга акуласы деп аталып кеткен. Олар көбінесе жайылмаларда. суасты жертастарында және таза суларда уақытын өткізеді. Шапшаң жүзеді. Сондай- ақ олар 152 метрге дейінгі тереңдікке сүңги алады. Арқа жүзбеқанаты үшінші кеуде қанаттарының соңында және құрсақ жағында орналасқан.

Қорегі Олар теңіздегі тасбақалармен, теңіз құстарымен, дельфин, шаян, асшаян, жұмсақ денелі бунақденелілер және теңіз ұлуларымен қоректенеді.

Дамуы, көбеюі Ганга акулалары ұрпақтарын тірідей туады. Буаздық мерзімі 10- 11 айды құрайды. Аналық акула 55- 60 см болатын 13 шақты акуланы өмірге алып келеді. Олардың жотасындағы артқы жүзбе қанаты алдыңғысына қарағанда кішірек болып келеді. Оның тұмсығы - доғал, ал көздері кішкентай.

Таралуы Ганга акуласын мыны төменде көрсетілген жерлерде кездестіре аламыз Үнді мұхитының батыс бөлігі Хугли өзені Ганга өзені және Батыс Бенгал өзені Үндістан өзені

Тағы қараңыз Акула Акулалар, Дельфиндер және киттер .-Алматы: "Аруна" баспасы. -Сер: "1100 қызықты деректер" ISBN 978-9965-26-553-2 Дереккөздер

Санат:Акулалар