САПАЛИЕВ Иван Григорьевич (1912 ж. т., Шығ. Қазақстан. обл., Самар ауд., Московка с.) – Совет Одағының Батыры (16. 10. 1943). КОКП мүшесі. С. Ұлы Отан соғысы алдында Самар аудандағы Жұмба кен орнында жұмыс істеді. 1942 ж. Қызыл Армияға шақырылып, Москва, Воронеж, Курск, Новгород, Киев, Варшава түбінде жаумен щайқасқа қатысты. 322-атқыштар дивизиясы саперлар батальонындағы бөлімше командирі С. өз жауынгерлерімен Сейм ө-нде ерлік көрсетті. С. бастаған бір топ жауынгер жаудың борап тұрган оғына қарамастан Днепрден жүзіп өтті. Гитлершілерге тұтқиылдан шабуыл жасап, өз бөлімшелерінің өзеннен өтер жолын қорғады. Елге жеңіспен оралған С. он жыл Жұмба руднигінде еңбек етті. Ленин орденімен марапатталған, қазір пенсияда. Әдебиет Совет Одағының қазақстандық Батырлары, 2-т., А., 1969, 213 - 14-б. Қазақ энциклопедиясы Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Сапалиев · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.