Эдгем Рахимович Тенишев () (24.4.1921 жылы Пенза қаласында туған) — совет түркологы, филолог ғылми докторы (1969), профессор (1971). Түркологтардың совет комитеті председателінің орынбасары. КСРО ҒА Тіл білімі институтының түркі тілдері секторында (1960-1964 жылдары аға ғылми қызметкер, 1964 жылдан меңгерушісі) қызмет істейді. 1951 жылдан КОКП мүшесі.1949 жылы Ленинград университеті шығыс факультетін түркі тілдері бөлімін бітіріп, С.Е.Маловтың жетекшілігінде аспирантурада оқыды. 1956-1958 жылдары Бейжіңде аз ұлттар институтында түркі тілдерінен сабақ берді. Осы жылдары Шығыс Түркістан, Ганьсу өлкелерін аралап, ұйғыр, салар, сарыұйғыр тілдерін зерттеді.
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Эдгем Рахимович Тенишев · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.