Созылмалы пиелонефрит – бүйректің қуыстық жүйесінің және тубулоинтерстициялық аймағының басым зақымдануымен сипатталатын созылмалы бейспецификалық инфекциялық қабыну үдерісі. Пиелонефрит – кең тараған аурулардың бірі, ДДҰ мәліметтері бойынша оның кездесу жиілигі жоғарғы тыныс жолдарының жіті инфекциялық ауруларынан кейін екінші орында, ал бүйрек ауруларының арасында – бірінші орында. Статистика бойынша әр он адамның біреуі пиелонфриттен зардап шегеді. Пиелонефрит – нефрогенді гипертензияның және бүйректің созылмалы шамасыздығының басты себебінің бірі.
Латентті ағымға бейімділігінен 20 – 25% пиелонефрит алғаш рет аутопсияда анықталады. Созылмалы пиелонефрит көбіне жіті пиелонофриттің салдарынан дамиды.
Этилогиясы Даму тегінен – пиелонофрит инфекциялық ауру. Пиелонефриттің дамуында негізгі роль атқаратын қоздырғыштар:
ішектік аутоинфекция (ішектің облигаттық флорасы – ішек таяқшалары, энтерококтар; ішектің дисбактериозында пайда болатын факультативтік флора – ішек таяқшасының гемолиздік түрі, протей, клебсиелла, алтын сары стафилококк, көк іріңді таяқшалар ; Экзоинфекция – урология, акушерлік – гинекология, реанимация бөлімшелерінде жатқан науқастарға несептік инфекцияның құралдарымен жұғуы (көбіне іріңді кокктық инфекция); бактериялардың бір түрлері және микоплазмалар (әдеттегі антибактериялық дәрмектерге төзімді); бактериялардың кейбір түрлері қолайлы жағдайда әдетті түріне айналып пиелонефритті өршітуі және өрістеуі ықтимал. Пиелонефрит дамуының бейімдеуші факторлары 1) Бактериурия (1 мл несепте микробтар мөлшерінің 1х10³ артық болуы). Бактериурияның басты себебі – шат аймағының, әсіресе үрпі маңының микробтық ластануы. Мұндай жағдай дене күтімнің жеткіліксіздігінен, мәселен жастардың жыныс қатынасының гигиеналық тәртіптерін сақтамауынан болуы мүмкін. Тұрмысқа шыққан кезде дефлорациялық циститтің дамуы және жыныс қатынасынан кейін бактириурияның көбеюі байқалады. 2) Уродинамиканың бұзылыстарына әкелетін аурулар (несеп-тас ауруы, қуықасты безінің аденомасы, нефроптоз, несепағардың стриктурасы, бүгілуі немесе сырттан басылуы, рефлюкстер, дегидратация т.б.). 3) Әйелдер несеп жолдарының жыныстық ерекшеліктері. Әйелдер уретрасының қысқалығы және кеңдігі, үрпінің артқы өтіс пен қынапқа жақындығы инфекцияның уретраға және қуыққа оңай енуіне септігін тигізеді. 4) Жүктілік және гормондық контрапцепциялық заттарды қолдану. Жүктілік кезінде эстардиолдың, прогрестеронның деңгейлері жоғарылайды. Жыныс ағзаларының және несеп жолдарының эмбриональдік даму тегі бір болғандықтан, бұлардың гиперэстрогенемияға қайтаратын жауабы ұқсас. Осыдан, жүктілік кезінде несеп жолдарының қабырғалары шамалы қалыңдап ісінеді, перистальтикасы баяуланады.Аталмыш өзгерістер және қуықтың, несепағардың жатырмен басылуы уродинамикалық бұзылыстарды туындатып, әсіресе бұрыннан келе жатқан бактириурия болса, пиелонефриттің дамуына септігін тигізеді. Гормондық контрацепциялық дәрмектердің әсері жүктіліктің әсеріне ұқсайды. Контрацепциялық дәрмектерді көп қолданған әйелдерде пиелонефрит 20 есе жиі кездеседі. 5) Қантты диабет. 6) Бұрын болып өткен интерстициялдық нефрит, мәселен дәрмектік нефропатиялар (сульфаниламидтердің, анальгетиктердің, кейбір антибиотиктердің, алькогольдің, еріткіш заттардың т.б. әсерінен болған ). Пиоелонефрит 40 жасқа дейінгі шақта - әйелдерде, ал егде және кәрілеу шақта – жиілеу еркектерде кездеседі. Әйелдерде пиелонефрит балалық шақтан немесе тұрмыс кезінен басталады.
Клиникалық көрінісі