Қылтық шөп () - астық тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдік.

Ботаникалық сипаты thumb|left|180px| Биіктігі 20-25 см. Сабағы тік, сидам, түксіз. Жапырақтары жалпақ, екі беті де түкті, кейде түксіз болып келеді. Гүл шоғы 3-4 гүлді масақша. Масағы жіңішке, ұзындығы 7-12 см, ені 3-4 мм.

Өсетін орны мен таралуы Еуропада, Кавказ, Орта Азия елдерінде өседі. Қазақстанда Жетісу (Жоңғар), Қырғыз Алатауларында, Қаратау жотасында, Шу-Іле тауларында, өзен бойларында, тауда, таулы қыратта, егістіктік арасында өседі. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Астық тұқымдасы Санат:Қазақстан флорасы