нобай|Phalaropus Қалытқылар туысы(Phalaropus) - шағын денелі құстарды(100 г шамасында) біріктіретін балшықшылардың бір туысы. Аталығы аналығынан ашық реңді және үлкендеу. Тұмсығы жіңішке және басынан біраз ұзынырақ. Аяғы - қысқа, саусақтары терілі әдіппен көмкеріліп, саусақтардың түбінде қиысып біткен. Жабын қауырсындары денеге тығыз жабысады; қанаты жіңішке және ұзын. Суда жүзіп жүріп, көбінесе бір жерде айналып, су бетінен қорегін жинақтап немесе алдыңғы дене бөлігін суға батырып, планктондық ағзалармен қоректенеді. Кейбір көзқарастарға байланысты кейде қалытқыларды жеке тұқымдасқа шығарады. Қалытқылар туысында 3 түр бар, солардың екеуі Қазақстанда кездеседі. Дереккөздер Құстар. А.Ф.Ковшарь, В.А. Ковшарь
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Қалытқылар туысы · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.