Қарамала (лат. Gleditsia)Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5 - бұршақ тұқымдасына жататын ағаш.

Ботаникалық сипаты Жапырақтары жұп немесе жай қауырсынды болады. Сабақтарында, бұтақтарында жай немесе тармақты тікенектері бар. Гүлдері дара және қос жынысты, тостағаншасының түтігі жалпақ куб тәрізді, 3-5 жіңішке бөліктерге бөлінген, күлтелері 3-5 бос күлтелі, аталықтары 6-10, бос жатады. Жатыны қондырмалы көп тұқымдас бүршіктерінен тұрады. Жемісі - бұршаққын, жайпақ, бүйірінен қысыңқы, қабығы қалың әрі қатты болады.

Түрлері Қарамала Солтүстік Америка, Азия, Африкада негізінен тропиктік және субтропиктік белдеулерде өседі. Оның 10-12 түрі (соның ішінде өте сирек кездесетін - Каспий қарамаласы) бар: Gleditsia amorphoides Gleditsia aquatica - Су қарамаласы Gleditsia australis Gleditsia caspica - Каспий қарамаласы Gleditsia delavayi Gleditsia fera Gleditsia ferox Gleditsia japonica - жапондық қарамала Gleditsia macracantha Gleditsia microphylla Gleditsia sinensis - Қытайлық қарамала Gleditsia triacanthos - Үштікенді қарамала

Дереккөздер

Санат:Бұршақтар тұқымдасы Санат:Қазақстан флорасы