Төрткөз балық (Anableps tetrophtalmus)— түсті тұқылар отрядына жататын тірі туатын кішкене балық. Тұрқы 16 см-ге дейін. Көзінің қасаң қабығы да, түсті қабығы да эпителийлі қалқаншамен екіге бөлінген, сондықтан мұның жоғары жартысымен су бетін, төмеңгі жартысымен су ішін бірден көре алады. Жемі-ұсақ омыртқасыздар. Төрткөз балық Орталық Америка мен Оңтүстік Американың теңіз суы жайылмаларында су бетіне жақын тіршілік етеді. Ұзындығы 4-6 см 1-5 шабақ туады. Төрткөз балықтың көз құрылысы – су бетіне жақын тіршілік еті нәтижесінде пайда болған бейімділік. Қазақ Совет энциклопедиясы: Алматы, 1977. 11 том. Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Төрткөз балық · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.