Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі (http://minregion.gov.kz ) төмендегі салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады:

аймақтық даму;

жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау;

сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметтері, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық, елді мекендер шекарасы аясындағы (шегіндегі) сумен жабдықтау және су бұру, электрмен жабдықтау, жылумен және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік реттеу;

жер ресурстарын басқару, геодезиялық және картографиялық қызмет.

Жүзеге асыратын бағдарламалар: «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы;

2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасы;

Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы;

Қолжетімді тұрғын үй 2020 бағдарламасы;

ҚР ТКШ жетілдірудің 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы;

2011-2020 жылдарға арналған Ақ бұлақ бағдарламасы;

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы.

Құрылымы

Дереккөздер

Ө