Бангиліктер () - Қызыл балдырлар () жамағатының бір табы. Бангиліктерге 24 туысқа бөлінетін 90 түрлі бір жасушалы және көп жасушалы жіпше немесе платинка тәрізді балдырлар жатады.
Бангиліктердің басқа қызыл балдырлардан айырмашылығы - бұлардың бір ядролы жасушасының жұлдыз тәрізді бір ғана пиреноидты хроматофоры болады және жасушалары өзара саңылау арқылы жалғаспайды. Бір жасушалы бангиліктер екіге бөлініп, көп жасушалы әдетте жыныссыз жолмен - моноспоралармен, тек кейбіреулері жынысты жолмен көбейеді. Вегетативті жасушалардың бірінде аталық жыныс жасушасы - карпогендер дамиды. Ұрықтанудан пайда болған зигота 4-тен 64-ке дейін карпоспораға бөлінеді, оның ішінде редукциялысы да бар.
Бангиліктер топырақ бетінде, тұщы суда және теңізді кездеседі. Қазақстанда тасты, қия жерлерде өседі Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том.
Дереккөздер
Санат:Ботаника