Орал қатпаржемісіҚазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5 () – шатыршагүлділер тұқымдасы, қатпаржеміс туысына жататын екі және көп жылдық шөптесін өсімдік.

Ботаникалық сипаты thumb|left|180px|Жапырағы Биіктігі 1 м, кейде одан да биік болады. Тамыры ұршық тәрізді, тамыр мойны бүтін. Бұтақталған сабағы біреу, сырты тегіс емес, шатыршасының астына қарай түкті. Ұшына дейін жапырақ өскен. Жапырақтарының жиегі мен жүйкесін бойлай кедір-бұдырлы. Қандауыр тәрізді төменгі жапырақтары ұзын сағақты, жапырақ тақтасы ірі, ені мен ұзындыы 12 см-дей, үшқұлақтана тілімделген, үшкір. Сабақ жапырақтары жіңішке бөліктерге бөлінген, сағақсыз. Шатырша гүлшоғырының ұзындығы 20 см-дей көп гүлді. 10-12 таспа тәрізді орама жапырақтары бар. Гүлдері қысқа гүлсағағына бекіген, күлтесінің ұзындығы 3 мм. Жемісі жалпақ жұмыртқа тәрізді, ұзындығы 6 мм-дей, жиегінде жіңішке қанаты болады. Маусымда гүлдеп, шілде айында жеміс береді.

Өсетін жері мен таралуы Таралу - Ресейдің еуропалық бөлігі, Сібірде, Моңғолия. Қазақстанда Алтай тауларында өседі. Өсетін жері - орман алаңқайлары, бұта арасы.

Дереккөздер

Санат:Шатыршагүлділер Санат:Қазақстан флорасы