Георгий Николаевич Леонидзе (; 1899—1966) – грузин совет ақыны. Ол 1899 жылы 27 желтоқсанда Патардзеули, қазіргі Сагареджой ауданында дүниеге келді.

Еңбек жолы Грузияның халық ақыны (1959), Грузия ССР ғылым академиясының академигі (1944). 1945 жылдан КОКП мүшесі. Тбилиси семинариясында (1913) оқыды. Шығармасы 1911 жылдан жариялана бастады. Леонидзе 1957-66 жылы Грузия ССР ҒА-ның Ш. Руставели атындағы Әдебиет институтының директоры болды. 2 рет Ленин орденімен марапатталған.

Шығармашылығы Леонидзенің алғашқы лирикалық өлеңдерінде патриоттық әуен басым. Оның есімін жұртшылыққа кең танытқан «Ниноцминд түні», «Қыпшақтың жолығысуы», «Цесарка» (1924-25) т. б. лирикалық шығармалары болды. 20 жылдардың аяқ кезінен бастап Леонидзе советтік шындықты шабыттана жырға қосты. Осы бағытта туған туындылары: «Загэс түбіндегі түн», «Иори жағалауында». Леонидзе «Балалық және жастық шақ» поэмасында (1939, КСРО Мемлекеті сыйлығын алған, 1952), «Самгори» (1950 ) поэмаларында халықтың ерлік, батырлық дәстүрін жырлады. 1962 жылы «Сыйқырлы ағаш» атты әңгімелер жинағын жарыққа шығарды.

Ақын 1966 жылы 9 тамызда Тбилисиде дүниеден озады.

Дереккөздер Маргвелашвили Г., Георгий Леонидзе, Тбилиси, 1959.