Мичуринское — Қостанай облысы Қостанай ауданындағы ауыл, Мичурин ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Облыс орталығы - Қостанай қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 5 км қашықтықта, аудан орталығы – Тобыл қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 3 км жерде, Тобыл өзенінің оң жағалық аңғарында орналасқан.
Тарихы Ауыл 1961 жылы Қостанай қаласынан көкөніс-жеміс өнімдерімен қамтамасыз етуге маманданған өзімен аттас бау-бақша кеңшарының орталығы негізінде қаланған. Қазір Мичуринскоеде және округтегі Алтынсарин, Садовое ауылдарында бірнеше ЖШС-тері және бірнеше шаруа қожалықтары жұмыс істейді.
Халқы 1999 жылы ауыл тұрғындарының саны 1592 адамды (744 ер адам және 848 әйел адам) құраса, 2009 жылы 2209 адам (1068 ер адам және 1141 әйел адам) болды.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Дереккөздер
Санат:1961 жылы құрылған елді мекендер Санат:Қостанай ауданы елді мекендері