Miles M.33 Monitor — Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталар кезінде британдық Miles Aircraft компаниясы жасап шығарған жоғары жылдамдықты нысаналар буксирлеуші ұшақ. Ұшақтың прототипі әуеге алғаш 1944 жылы 5 сәуірде көтерілді. Барлығы 20 ұшақ шығарылды. Олар Ұлыбританияның Теңіз авиациясында шектелген уақыт қолданыста болды.

Тарихы Нысаналарды буксирлеуге арналған жылдам M.33 Monitor ұшағы Q.9/42 спецификациясы бойынша жасалған болатын. Ұшақ аэродинамикалық таза, екі моторлы, жоғарғыплан, консольді қанаттармен және жинақталатын шассимен жабдықталған болатын. Miles компаниясы осы спецификация аясында екі жоба ұсынған болатын. Қажетті моторлардың болмауына байланысты алғашқы жоба басшылық тарапынан қолдауға ие болмады. Ал 1700 ат күші бар Wright Cyclone R-2600-31 қозғалтқышы орнатылған нұсқасы сәтті шықты. Miles компаниясы алғашқыда 600 ұшаққа тапсырыс алды. 1944 жылы 5 сәуірде алғашқы прототип әуеге көтерілді. Жақсы ұшу сипаттамаларына ие болғанымен, соғыстың аяқталуына байланысты ұшақ бойынша жұмыстар тоқтап қалды. Кейінрек тапсырыс саны 200, артынша 50 ұшаққа дейін азайтылды, бірақ соңында 20 ұшақ ғана жасалды. Бірақ Британ Әскери әуе күштері ұшақтарды тікелей мақсатта қолданбады. 10 ұшақ артынша Теңіз авиациясы бөлімшесіне жіберілді. Мұнда ұшақтар шамалы уақыт Monitor TT.Mk II деген атаумен қолданылды, сосын ұшақтар De Havilland Mosquito TT.Mk 39 ұшақтарымен алмастырылды.

Нұсқалары Monitor TT Mk I Корольдік Әуе күштеріне арналып жасалған буксирлеуші ұшақ, бір дана шығарылған. Monitor TT Mk II Ұлыбритания Теңіз Авиациясына арналып жасалған буксирлеуші ұшақ, бір прототип және 20 сериялы ұшақ жасалған.

Техникалық сипаттамасы TT.Mk II нұсқасының техникалық сипаттамасы: Сипаттамалар TT.Mk II Экипаж 2 ұшқышҰзындығы 14,2 м Қанат жаймасы 16,9 мҚанат ауданы 46,5 м²Биіктігі 5,6 мБос ұшақ салмағы 7145 кгПайдалы жүктеме 300 кгМаксималді ұшу салмағы 9560 кгМаксимал көтерілу биіктігі 8840 м Ұшақты аудару жылдамдығы 144 км/сағМаксималді жылдамдық 576 км/сағБиіктік жинау жылдамдығы 2,5 м/сҚозғалтқыштар (2×) Wright R-2600-31Қозғалтқыштың қуаты Әрқайсысы 1750 ат күші

Тағы қараңыз De Havilland Mosquito

Дереккөздер

Санат:Әскери ұшақтар Санат:Miles ұшақтары