Есмағамбет Ақылбаев (1908 жылы Көкшетау облысы Біржан сал ауданында туған)- еңбек арадагері, Жамбыл облысының құрметті азаматы.
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген (1931). 1931-41 ж. Орал жоғары коммунистік мектебінде кафедра меңгерушісі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды. 1941-51 жж. Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстық партия комитеттерінде жауапты қызметтерде, 1951-53 жж. облыстық комитетінің хатшысы, 1953 жж. облыстық мәдениет басқармасының бастығы болған. 1972-74 жж. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты парткомының хатшысы болып жұмыс істеді. 1974-80 жж. Қазақстан Министрлер Кеңесі жанындағы Діни істер жөніндегі кеңестің Жамбыл облысы бойынша уәкілі болды.
"Құрмет белгісі" орденімен және бірнеше медальдармен марапталған.
Қазақстаннның еңбегі сіңірген мәдениет қызметкері.Тараз, Жамбыл облысы энциклопедия, "Қазақ энциклопедиясының" Бас редакциясы Алматы, 2003
Дереккөздер
Санат:1908 жылы туғандар Санат:Біржан сал ауданында туғандар Санат:Жамбыл облысы тұлғалары Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкерлері Санат:Жамбыл облысының құрметті азаматтары Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті түлектері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері