HTC Desire 600 — тайваньдық электроника өндіруші HTC компаниясының 4,5-дюймді дисплеймен қамтылған смартфоны.
Desire 600 — компанияның HTC One өніміндегі Sense 5, Beats Audio және BoomSound беткі стерео динамик сияқты ерекшеліктерін иемденген орта деңгейлі екі сим-карталы смартфон. Аппарат 4,5 дюймдік qHD супер сұйық кристалды (Super LCD) экранға, 1 Гб оперативтік жады бар 1,2 ГГц quad-core Snapdragon 200 процессорына ие. Сондай-ақ, 8 мегапиксельді фотокамера және 64 Гб-қа дейін кеңейтіле алатын жад та бар. Ол Ресей, Таяу Шығыс және Украинада 2013 жылдың маусымында сатылымға шықты. Құрылғы сондай-ақ Үндістан мен Қытайда да сатылады.
Телефонда ауыспалы батарея және 64 Гб мөлшеріне дейінгі microSD карталарын қолдайтын ұяшық (слот) бар.
Басты бәсекелесі – Samsung GALAXY Grand. Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:Android негізіндегі құрылғылар Санат:HTC телефондары Санат:Смартфондар