Қарабас – Ақмола облысы Қорғалжын ауднының оңтүстік-шығысында орналасқан эллипс тәрізді шоқы. Абсолюттік биіктігі 415 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 1,5 км-ге созылған, енді жері 1 км. Солтүстік-шығыс беткейінен басқа жерлері көлбеу. Плиоцен кезеңінің тау жыныстарынан түзілген. Жер қыртысын көлді-аллювийлі шөгінділер жапқан. Карбонатты қоңыр топырақты сортаң далада ксерофитті түрлі шөпті-бетегелі-селеулі өсімдіктер өскен. Қазақ Энциклопедиясы

Сілтемелер

Санат: Ақмола облысы Санат: Қазақстан шоқылары