ҚылтанқұйрықҚазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5 () – астық тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
Түрлері мен таралу аймағы Қылтанқұйрықтың 4 түрі Кавказ, Орта Азия елдерінде және Кіші Азия түбегінде, Батыс Сібір жазығында, Балқан түбегінде, Иран, Ауғанстан және Батыс Еуропа елдерінде өседі. Оның ішінде 3 түрі Қазақстанда кездеседі: Жалаңқабыршақты қылтанқұйрық (Pholiurus glabriglumis) - Қазақстанның оңтүстігіндегі Қаратау жотасында, Қызылқұм құмды алқабында, Іле Алатауында, Шу-Іле тауларында, Батыс Тянь-Шаньда өседі. Иран қылтанқұйрығы (Pholiurus persicus) - Іле және Қырғыз Алатауларында, Шу-Іле тауларында, Батыс Тянь-Шань жоталарының тау етегіндегі сазды жерлерде, тастақты және құмды далада, тәлімі егістікте арамшөп ретінде өседі. Венгр қылтанқұйрығы (Pholiurus pannonicus) - Каспий және Арал теңіздері маңында, Ақтөбе, Қостанай облыстарының сортаңды шалғындарында, көл жағалауында және далалық ойлауыттарда өседі.
Дереккөздер
Санат:Астық тұқымдасы Санат:Қазақстан флорасы