Асмир Бегович (; 20 маусым 1987 жыл, Требине) — босниялық және канадалық футболшы, "Эвертон" футбол клубы мен Босния және Герцеговина Ұлттық футбол құрамасы ойыншысы. Англия чемпионатында гол салған бесінші қақпашы.

Саутгемптонға соққан голы Англияның "Сток Сити" футбол клубының қақпашысы Асмир Беговичтің голы "футбол тарихындағы ең ұзақ қашықтықтан салынған гол" ретінде Гиннесстің рекордтар кітабына ресми түрде енді.

2013 жылдың қарашасында "Саутгемптон" командасымен кездесуде ойынның 13-секундында Асмир Беговичтің өз айып алаңынан тепкен добы қарсыластардың қақпасынан табылды. Мамандардың зерттеуі бойынша, Беговичтің голы қарсыластардың қақпасына дейін 91,9 метр қашықтықтан салынған. Осылайша футбол тарихындағы ең ұзақ қашықтықтан салынған гол "Сток Сити" қақпашысының атына жазылды.

Жетістіктері

Командалық «Челси» Англия чемпионы: 2016/17

«Карабах» Әзірбайжан чемпионы: 2019/20

Жеке Канаданың жас футболшысы: 2007 «Сток Ситидің» үздік жас футболшысы: 2011 «Сток Ситидің» жыл футболшысы: 2013 Босния және Герцеговинадағы жыл футболшысы: 2013

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

Санат:Канада футболшылары Санат:Босния және Герцеговина футболшылары Санат:Босния және Герцеговина Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Сток Сити ФК ойыншылары Санат:Портсмут ФК ойыншылары Санат:Ла-Лувьер ФК ойыншылары Санат:Борнмут ФК ойыншылары Санат:Ипсвич Таун ФК ойыншылары Санат:Челси ФК ойыншылары Санат:Милан ФК ойыншылары Санат:Эвертон ФК ойыншылары