Павлов Федор Павлович (25. 9.1892, Богатырево селосы, қазіргі Чувашия Цивильск ауданы,— 2. 6. 1931, Сочи) — чуваш драматургы және композиторы.

Революцияға дейін мұғалім болды. Әдеби қызметпен ерте айналысты. Халық әндерінің 3 жинағын бастырды, «Чуваштар және әндік-музыкалық творчествосы» атты зерттеуін жазды. Павлов— чуваш әдебиетіндегі реалистік драматургияның негізін салушы. Оның «Сотта» (1919) комедиясы, «Деревняда» (1922) драмасы т. б. пьеса- лары театр сахналарының тұрақты репертуарына айналды. Павлов шығармаларында ескілік көріністерін аяусыз шенеді, жаңа өмірдің жасампаздық күшін мадақтады.

Санат:Тұлғалар