Болгар тілі () — Үнді-Еуропа тіл шоғырындағы славян тілдерінің оңтүстік славян топшасына жататын тіл, болгарлардың ана тілі. Болгария Республикасының ресми тілі. Болгар тілінде кең көлемде көркем және ғылыми әдебиет жазылған. 2014 жылы әлемдегі болгар тілінде сөйлейтіндердің жалпы саны шамамен 9 миллион адамды құрады.

Көптеген славян тілдермен салыстырғанда болгар тілінде септіктер жоғалған десе де болады, есесіне белгілі және белгісіздік артикльдері«Әулие Климент Охридски» София университеті, "Болгар филологиясы" мамандығына арналған оқу бағдарламалары  — «Қазіргі заманғы болгар тілі. Морфология» (болгар тілінде) және де «нөлдік» деп аталатын артикль қолданылады. Болгар тілі мен оған бауырлас македон тілінен өзге славян тілдерінде артикль жоқ.

Лексикасы жағынан болгар тілі шіркеу славян тіліне едәуір жақын және онда әлі күнге дейін шығыс славян тілдерінде архаизм болып саналып кеткен көптеген сөздер бар. Тарихи себептерге байланысты болгар тілінде түркі тектес сөздер де көп кездеседі. Орыс және болгар лексикондарының ұқсастығына шіркеу әсер еткен, ал стилистикалық тұрғыдан болгар тілі серб, хорват және македон тілдеріне әлдеқайда жақын. нобай|400px|Болгарияның өз ішіндегі болгар тілі диалекттерінің таралу картасы

Жазуы 300px|нобай Болгар алфавитінің (българска азбука) негізі — кириллица, ол 30 әріптен тұрады:

ӘріпболгаршаатауыНегізгіаллофон (ХФӘ)өзгеаллофондарАааБббъВввъГггъДддъЕееЖжжъЗззъИииЙйи краткоКккъЛллъМммъНннъОоо ӘріпболгаршаатауыНегізгіаллофон (ХФӘ)өзгеаллофондарПппъРрръСссъТттъУууФффъХххъЦццъЧччъШшшъЩщштъЪъер голямЬьер малък-ЮюйуЯяйа

1945 жылы жүргізілген лингвистикалық реформаның нәтижесінде болгар алфавитінен ять Ѣ («е двойно» - «е двойное» деп аталады) және үлкен юс Ѫ (голям юс) әріптері алынып тасталдыПравила и речник за употреба на ят от 1940Правила за ят в Правописното упътване на Тодор Иванчев. Ять әрпі я немесе е әріптеріне , үлкен юс әрпі ъ әрпіне ауыстырылды. 1945 жылғы реформа сонымен қатар сөз соңында ъ және ь әріптерінің жазылуын жойды (градъ — қазіргі град, царь — қазіргі цар).

+ 1945 жылдан кейінгі емле өзгерістерінің мысалдары: реформаға дейін реформадан кейінбѣли цѣлъбели цялтъргъ царь човѣкътърг цар човекще бѫдѫ тѣ сѫще бъда те са

Дереккөздер

Санат:Болгар тілі Санат:Алфавит бойынша тілдер мен диалекттер