Паули (Pauli) Вольфганг (25. 4. 1900, Вена — 15. 12. 1958, Цюрих) — кванттық механика жөнінде классикалық ғылыми еңбектер жазған швейцар физик-теоретигі.
Мюнхендегі университетті бітірген (1921). Ол 1921—22 ж. Гёттингенде М. Борнның, 1922—23 ж. Копенгагенде Н. Бордың ассистенті, 1923 ж. Гамбургтегі университеттің доценті, 1928 ж. Цюрихтегі Жоғары тех. училищенің профессоры болды. Ал 1940—46 ж. Принстондағы (АҚШ) Түбегейлі зерттеулер институтына шақырылып, онда профессор болып аномаль Зееман эффектісін түсіндіре келіп, өте маңызды квантомех. принципті (қ. Паули принципі) тұжырымдап берді (1925). Ол Паули Иордан және В. Гейзенбергпен біріге отырып, өрістің релятивистік кванттық теориясының негізін салды (1929). ыдыраудың ерекшеліктерін талқылау кезінде нейтрино деп аталатын бөлшектің бар екендігі жөнінде болжам айтты (1930—33). Ядролы күштердің мезондық теориясы бойынша да көптеген еңбектер жазды. Паули Нобель сыйлығының лауреаты (1945).Қазақ Совет Энциклопедиясы,9 том
Дереккөздер
Санат:25 сәуірде туғандар Санат:Венада туғандар Санат:15 желтоқсанда қайтыс болғандар Санат:Цюрихте қайтыс болғандар Санат:Гамбург университеті оқытушылары Санат:Геттинген университеті оқытушылары Санат:Лоренц медалінің иегерлері Санат:XX ғасыр физиктері Санат:Лондон корольдік қоғамының шетелдік мүшелері Санат:Аналитикалық психология Санат:Маттеуччи медалінің иегерлері Санат:Макс Планк атындағы медаль иегерлері Санат:Ұлтабар обырынан қайтыс болғандар Санат:Вена университетінің құрметті докторлары Санат:Аустрия физик-теоретиктері Санат:Швейцария физик-теоретиктері Санат:Мюнхен университеті түлектері Санат:Цюрих Жоғарғы техникалық училищесінің профессорлары