Илья Александрович Ильин (24 мамыр 1988, Қызылорда) — Қазақстандық зілтемірші (ауыр атлет), әлемнің төрт дүркін чемпионы (2005, 2006, 2011, 2014) және Қазақстан чемпионы Лондон-2012: Илья Ильин стал двукратным чемпионом Олимпиады . Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. "Динамо" спорт клубының құрамында өнер көрсетеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аға лейтенанты.
2008, 2012 жылдары екі рет Олимпиада чемпионы атанғанымен Халықаралық Олимпиада комитеті 2016 жылы "допинг қабылдады" деген сылтаумен жоққа шығарды.
Биографиясы Отбасы Илья Ильин 1988 жылдың 24 мамырында Қызылорда қаласында дүниеге келген. Отбасында үш ұл баланың кенжесі. Әкесі – Александр Ильин. Анасы – Галина Ильина. Спорт залға алғашқы рет алты жасында үлкен ағасы Андрейге еріп келді. Ағасы Андрей бокстан Қазақстан біріншілігінде бірнеше рет жеңімпаз атанған спортшы болатын.
Балалық қызығушылықпен ауыр темірлерді көтеруді үйренді. Бірақ арнайы секцияда жаттығуды сегіз жасынан бастады. Алғашқы бапкері Вилорий Пак болатын.
Бірінші әйелі - Наталья Кулакова, гандболшы, гандболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы. 2017 жылы ажырасқан. Олардың Милана атты қызы бар.
Илья Ильинның екінші әйелі - Татьяна Гордиенко (2023).
Спорт thumb|left|300px|Илья Ильин Ауыр атлетикамен айналысып жүрген ағасы Алексейдiң жанынан бiр елi қалмайтын кiшкентай Ильяның дарынын байқаған Вилори Викторович Пак оны бiрден өзiне тартқан көрiнедi. Сөйтiп, тоғыз жасында Қазақстан чемпионы атанған Ильин осы уақытқа дейiн тоғыз рет шет елге шығып, ешқайсысында жеңiлiстiң кермек дәмiн татып көрмептi. Жарақатына байланысты бiр жыл спорттан тыс жүрген Ильяның өзiнiң айтуынша, 99 пайызға бұрынғы қалпына келген тәрiздi.
Ол жастар мен ересектер арасында екі рет әлем чемпионы атанды. Дәл осындай балғын шағында дүние-жүзінің теңдессіз атлеті атанған азаматтар жер бетінде жоқ. Оның асқан шеберлігіне, мінсіз техникасына, жеңіске деген құштарлығына таңданбау мүмкін емес. Ауыр атлетика саласындағы ең жас әлем чемпионы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Әлем чемпионаты (2005) 2005 жылы Ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты Қатар елінің астанасы Доха қаласында өтті. Илья Ильин 17 жасында алғашқы рет ересектер арасындағы әлем жарысына қатысты және бұл көрсеткіш бойынша Гиннестар рекорд кітабына ең жас әлем чемпионы ретінде жазылды. Илья ерлер арасында 85 кг дейінгі салмақта өнер көрсетті.
Rank Аты-жөні Туған күні Мемлекет Өз салмағы Топ Жұлқа көтеру Серпе көтеру Қорытынды1 Илья Ильин 24.05.1988 84.65 A 170 216 386.02 Ионг Лю 01.01.1986 84.35 A 175 210 385.03 Асламбек Едиев 04.01.1970 84.73 A 170 211 381.04 Олег Перепеченов 06.09.1975 82.57 A 175 205 380.05 Андрей Рыбаков 04.03.1982 84.70 B 185 195 380.06 Айджун Иан 07.04.1977 84.28 A 173 205 378.07 Вячеслав Ерошов 07.12.1980 82.67 A 175 200 375.08 Тигран Мартиросян 03.03.1983 84.07 A 172 202 374.09 Валерию Галанчеа 18.11.1980 84.50 A 165 207 372.010 Карол Горчешевский 06.11.1983 84.99 B 165 200 365.011 Хосе Оливер Руиз 18.09.1974 83.88 B 155 200 355.012 Хектор Баллестерос 18.10.1981 83.55 B 157 195 352.013 Ондрей Кутлик 09.09.1976 84.98 B 155 195 350.014 Чад Томас Ваун 11.05.1980 84.98 B 150 185 335.015 Октавио Антонио Межиас Хернандес 21.07.1982 82.82 B 145 186 331.016 Али эль Моужоуд 24.07.1982 80.50 C 148 177 325.017 Норберт Цсер 18.01.1985 83.30 C 148 171 319.018 Хуан Карлос Гуитерио 06.02.1983 82.68 C 141 177 318.019 Павел Колосовский 23.08.1981 84.16 C 140 174 314.020 Руслан Рамазанов 10.02.1987 84.18 C 140 170 310.021 Уати Мапосуа 26.07.1976 83.74 C 137 165 302.022 Мансур Режепов 03.01.1982 79.96 C 135 165 300.0
Әлем Чемпионаты (2006) Санта Доминго, 94кг
Реті Аты-жөні Мемлекет Жұлқа көтеру Серпе көтеру Қорытынды1 Илья Ильин 175 217 392.02 Симон Колецки 173 219 392.03 Роман Константинов 177 215 392.04 Мухама Созаев 176 215 391.05 Иоандарис Хернандес 170 216 386.06 Константин Пилеев 171 214 385.07 Николас Куртидис 173 210 383.08 Хосе Хуан Наваро Батиста 170 208 378.09 Евгений Братан 170 208 378.010 Альберт Кузилов 172 205 377.011 Бартоломей Восчиек Бонк 170 205 375.012 Сантьяго Матринес 170 200 370.013 Миранда Хоел Сотолонго 165 201 366.014 Юрген Спиес 165 200 365.015 Мохамад ел Нагар 155 206 361.016 Ли Унгджо 160 200 360.017 Теймурази Гогиа 160 197 357.018 Ангел Давид Даза Тапиа 150 205 355.019 Константинос Пападопулос 155 200 355.020 Андрей Мельник 156 193 349.021 Рене Хорн 146 200 346.022 Ондрей Кутлик 150 195 345.023 Сутифон Ватанакасим 157 187 344.024 Юки Хираока 150 191 341.025 Кунчай Начпум 150 190 340.026 Джефрей Уиттмер 148 190 338.027 Юрий Галкин 145 187 332.028 Осаму Мизута 140 189 329.029 Мантас Звирблис 145 182 327.030 Атилла Кисс 148 178 326.031 Энтони Мартин 147 179 326.032 Хуан Хименез 142 172 314.033 Нургелді Горганов 140 162 302.034 Луиджи Грандо 130 166 296.035 Давид Ниевес 130 150 280.036 Нельсон Гатика 120 145 265.0
Пекин Олимпиадасы (2008) Пекин олимпиадасы қазақстандық жас дарын Илья Ильин үшін алғашқы болатын. Бірақ Илья бұл жарсықа екі дүркін әлем чемпионы ретінде қатысты және жарыстың негізгі жеңімпазы ретінде қарастырылған болатын. Қазақстан жұртшылығы да Ильядан алтын медаль күткен еді.
Нәтижесі Ауыр атлетикадан 94 кг дейінге ерлер арасындағы жарыс 17 тамыз күні Аэронавтика және астронавтика университетінің спортзалында өтті. Илья Ильин серпе көтеруде 226 кг-ды бағындырып, аталған сайыс түрінде әлемдік рекорд орнатты.
# Аты-жөні Мемлекет Жұлқа көтеру Серпе көтеру Қорытынды 1. Илья Ильин 180 226 406 2. Симон Колецки 179 224 403 3. Хаджимурат Аккаев 185 217 402 4. Арсен Касабиев 176 223 399 5. Низами Пашаев 181 215 396 6. Иоандрис Эрнандес 178 215 393 7. Асгар Эбрахими 180 212 392 8. Роман Константинов 387
Әлем чемпионаты (2011)
# Аты-жөні Мемлекет Жұлқа көтеру Серпе көтеру Қорытынды1 Илья Ильин 181 226 4072 Артем Иванов 186 221 4073 Саид Мохамадпоуркаркарах 181 221 4024 Александр Иванов 186 215 4015 Руслан Нурудинов 177 221 3986 Андрей Деманов 178 220 3987 Ким Мин-Жае 182 214 3968 Анатолий Чирицу 175 220 3959 Интигам Заиров 177 215 39210 Ауримас Диджбалис 173 216 38911 Константин Пилеев 170 211 38112 Арсен Касабиев 170 210 38013 Александр Макаранка 170 208 37814 Камачали Ашгар Ибрахими Фарбод 175 201 37615 Давид Хуркуле Матам Матам 170 202 37216 Ибрахим Арат 165 206 37117 Силвестор Колецки 169 202 37118 Давид Кавелашвили 165 200 36519 Хосе Хуан Наваро Батиста 162 200 36220 Эндри Карина 160 195 35521 Хербис Маркиз 157 196 35322 Жасурбек Жумаев 163 188 35123 Гиасиддин Ахмедов 154 197 35124 Христос Салстидис 160 186 34625 Бенедикт Улоко 147 196 34326 Симлис Рибоем 150 190 34027 Юки Хираока 150 190 34028 Давид Катоатау 143 195 33829 Джарел Давид Флеминг 152 183 33530 Даду Мали Чандракант 148 176 32431 Николас Робертс 143 180 32332 Роберто Карлос Росадо Круз 135 185 32033 Хернан Виера 120 160 280
Лондон Олимпиадасы (2012)
Жарысқа 21 атлет қатысты. Илья Ильиннің негізгі қарсыласы ретінде ресейлік Александр Иванов болатын. Баспасөз беттерінде берген сұхбаттарында Иванов Ильяны анық жеңетіндігін айтып жүрді. Иванов – 2010 жылғы Әлем чемпионы. Сол жылы Илья әлемдік жарысқа қатыспаған болатын. 2011 жылғы Парижде өткен Әлем чемпионатында Ильин мен украиналық Артем Ивановтың көтерген салмақтары бірдей болды. Дегенмен Ильяның өз салмағы Артем Ивановқа қарағанда жеңілдеу болғандықтан жеңімпаз ретінде аталды. Ресейлік Александр Иванов тек төртінші орында қалды. Ильяның салмағында жарысқа түсетін тағы бір әйгілі атлет украиналық Артем Иванов Лондон ойындарына келмеді. Сондықтан негізгі екі атлетпен бірге ирандық жас дарын да чемпиондықтан үмітті болатын. Алайда, маңызды салмақты көтере алмады. Әлемнің мықты атлеттерінің арасындағы келесі маңызды кездесу Лондон Олимпиадсында жалғасты.
Жұлқа көтеру сайысында қазақстандық, ресейлік және корей спортшысы бірдей 185 кг салмақты көтерді. Өз салмағының аздығына байланысты Иванов - бірінші, Ильин-екінші, Ким Мин Жае - үшінші болды.
Серпе көтеру сайысында Илья 233 кг көтеріп жаңа әлем рекордын орнатты. Екі сайыс қорытындысы бойынша 418 кг көтеріп Илья әлем рекордын екінші рет жаңартты. Бұған дейінгі әлем рекордын Олимпиада ойындарының үш дүркін чемпионы Каха Кахиашвили 1999 жылы орнатқан еді Невероятное достижение Ильи Ильина.
Ресейлік "Советский спорт" газеті өз спортшысының Илья Ильин деп аталатын "терминаторға" жеңілгендігін айтыпты Руки штангиста. Александр Иванов стал серебряным призером игр в Лондоне, уступив только терминатору по имени Илья Ильин, 6 тамыз 2012 жыл.
Қос сайыс бойынша соңғы көрсеткіштер келесідей болды: Лондон Олимпиадасының ресми сайты, Ауыр атлетика қорытындысы, Ерлер, 94 кг . Илья бұл жетістіктерінің мүмкін болуына ресейлік екі атлеттің көрсеткен бәсекелестігінің арқасында жеткенін айтады. Егер олар болмағанда әлемдік рекордқа бару қиын болар еді деп мәлімдеді Казахстанец Илья Ильин: Если б не русские ребята, не видать мне мирового рекорда!
# Аты-жөні Елі Жұлқа көтеру Серпе көтеру Жалпы қорытынды 1. Илья Ильин 185 233 418 2. Александр Иванов 185 224409 3. Анатолий Чирицу 181 226 407 4. Андрей Деманов 182 225 407 5. Мохамадпоуркаркарах Саид 183 219 402 6. Интиқам Заиров 182 215 397 7. Алмас Өтешов 175 220 395 8. Ким Мин Жае 185 210 395 9. Томаш Бернард Зеленский 175 210 385 10. Александр Макаранка 175 209 384 11. Норайар Варданян 170 210 380 12. Константин Пилиев 166 206 372 13. Давид Кавиашвили 170 200 370 14. Ендри Карина 155 195350 15. Аббас Алқайсум 155 180335
Prior to this competition, the existing world and Olympic records were as follows.
Рекордтар Жұлқа көтеру188 кгАфина, Грекия27 Қараша 1999Жұлқа & Серпе 232 кгСофия, Болгария29 Сәуір 2000Жалпы412 кгАфина, Грекия27 қараша 1999Олимпиада рекорды Жұлқа көтеру 187 кг Сидней, Аустралия 24 қыркүйек 2000 Жұлқа және Серпе көтеру 226 кг Пекин, Қытай 17 тамыз 2008 Жалпы 406 кг Пекин, Қытай 17 тамыз 2008
Қызылорда облысының әкімі Илья Ильин мен оның бапкерлеріне 75 млн теңгеге арналған сертификат тапсырды Аким Кызылординской области вручил Илье Ильину и его тренерам сертификат на 75 млн теңге.
Мемлекеттік марапаттар 2012 жылғы 17 тамыз күні Қазақстан Республикасының Президенті Олимиада жеңімпаздарымен кездесу кезінде Илья Ильинге "Отан" орденін табыстады Олимпиада жеңімпаздарына "Отан" "Құрмет" "Барыс" ордендері табыс етілді 17 Тамыз 2012, 17:47. Құрмет ордені. Барыс ордені. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері
Тағы қараңыз Лондон Олимпиадасына қатысатын Қазақстан спортшылары 2012 Жазғы Олимпиада ойындарындағы Қазақстан
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Илья Ильиннің жеке веб сайты Profile IWRP
Санат:24 мамырда туғандар Санат:Қазақстан ауыр атлеттері Санат:Отан орденінің иегерлері Санат:Барыс орденінің иегерлері Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Ауыр атлетикадан әлем чемпиондары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шеберлері Санат:Ауыр атлетикадан әлем рекордшылары Санат:Алфавит бойынша ауыр атлеттер Санат:Ауыр атлетикадан Азия ойындары чемпиондары Санат:Қазақстанның Азия ойындары чемпиондары