Сидней университеті (, Sydney Uni) — Аустралиядағы көне университеттердің бірі. Бұл университет 1850 жылы қазанның бірінші жұлдызында қаланған. 1852 жылдың 12 қазанынан бастап жұмыс істеуін бастады. Аустралиядағы бұл университет әлемдегі ең үздік 10 университеттің тізіміне кірген. Аустралияның университеттерінің арасында әрдайым 3-тікте жүретін Сидней университеті мемлекеттегі ірі 8 зерттеу-интенсивті жоғары оқу орындарының тізіміне кіреді. «Times Higher Education» әлемдік рейтингінде гуманитарлық, әлеуметтік ғылымдар мамандықтары бойынша 25 орын, инженерлік және технологиялар мамандықтары бойынша 50-ші орында тұрақтады. Білім ордасында 145 елден 50 000-нан астам студент білім алады. Оның 10 000-ы шетелдерден келген.

Дереккөздер

Санат:Аустралия университеттері Санат:Сидней