Оскар дос Сантос Эмбоаба Жуниор (порт. Oscar dos Santos Emboaba Júnior; 1991 жылы 9 қыркүйекте Американа қаласында, Сан-Паулу штатында, Бразилияда туылды) — бразилиялық футболист, Қытайдың "Шанхай" СПИГ клубы және Бразилия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы.
Клубтағы мансабы Оскар карьерасын жастар командасы «Униан Барбаренсе» клубында бастады. 2004 жылы «Сан-Паулу» клубына көшіп кетті. 2008 жылы негізгі құрамға ілініп, сол жылы клубпен чемпионатты жеңді. Оскар барлығы 14 матчты өткізіп, 2010 жылы контракты бітіп қалды. Бірақ «Сан-Паулу» клубы контракты созбауға решім қабылдады.
2010 жылы 17 маусымда Оскар «Интернасьонал» клубына көшіп кетті. Бастапқыда ол 23 жасқа дейінгі чемпионатта ойнап, кейін негізгі құрамға қосылды. 2011 жылдан бастап Оскар «Колорадос» клубының негізгі ойыншысы аттанып, Андрес Д’Алессандромен дуэт жасады. Олар бірге командаға Риу-Гранди-ду-Сул штатының чемпионатың жеңуге көмектесті.
2012 жылы 25 шілдеде Оскар «Челси» клубымен 5 жылдық контракка қол қойды.Трансфер «Челси» ушін 25 миллион фунтпен қамтылды. 19 қыркүйекте Оскар Чемиондар Лигасында алғаш матч өткізіп, дубль жасады. Бұл голдар алғашқы болып, ойын 2:2 есебімен теңесті.
Ұлттық құрамадағы мансабы 2011 жылы Оскар Бразилияның жастар командасымен Оңтүстік Американың жастар чемпионатына барып, бразилиялықтар алтын медаль ұтып алды. Сол жылы Оскар командасына жастар әлем чемпионатын жеңуге көмектесті. Сондай-ақ, финалда Португалияға қарсы хет-трик жасап, ойынды 3:2 есебімен жеңді.
2011 жыл 14 қыркүйекте Оскар негізгі құрама үшін алғаш ойынын Америкада Аргентинаға қарсы өткізіді. Матч 0:0 есебімен аяқталып, Оскар Ренато Абреудың орынына 63 минутте шықты.
Ұлттық құрамадағы cтатистикасы Ұлттық құрамасыСезондарыДостық кездесулерТурнирлерБарлығыОйындарГолдарОйындарГолдарОйындарГолдарБразилия201120002020121040010420131145016420147172143Барлық карьерасында3091224211 Сыртқы сілтемелер soccerbase сайтында профилі Челсидің ресми сайтында профилі
Санат:1991 жылы туғандар Санат:Бразилия футболшылары Санат:Челси ФК ойыншылары Санат:Интернационале ФК ойыншылары Санат:Сан-Паулу ФК ойыншылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары